date

Aшраф Хакимиге операция керек емес

Ашраф Хакимиге ота жасалмайды
ПСЖ футболшысы Ашраф Хакими үшін Чемпиондар лигасы аясындағы "Баварияға" қарсы кездесудің бірінші таймы соңында аяқталды. Марокколық қорғаушы Луис Диастың дөрекі әрекетінің салдарынан тобығынан жарақат алып, алаңнан көз жасымен шығып кетті.

Ол стадионды қолтықтаяқтың көмегімен тастап шықты. Marca басылымының хабарлауынша, Хакими сәрсенбі күні медициналық тексерістен өтіп, оған синдесмоздың жарылуы және дельтоид байламының жеңіл жарақаты диагнозы қойылған.

Стадионда дәрігерлер жарақатты сынық деп ойлаған болатын, бірақ бақытына орай, жарақат аса ауыр болып шықпады және Хакимиге ота жасау қажет емес. Соған қарамастан, ПСЖ футболшысының толық айығуы үшін шамамен екі ай уақыт қажет болады.

Бұл Хакимидің 21 желтоқсанда басталатын Африка Ұлттар Кубогына қатысуын қауіпке тіреді.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Жаңалықтар » Спорт » Aшраф Хакимиге операция керек емес