date

Сергей Кирияков: "Қайраттың эйфориясы бәсеңдеп келеді"


Сергей Киряков Қазақстанның "Қайрат" клубы және оның Чемпиондар лигасындағы ойындары туралы өз пікірін білдірді. "Басында көп эйфория болды, бірақ бұл біртіндеп басылып келеді.

Олардың плей-оффқа шығу мүмкіндігі аз. Бірақ бірінші рет қатысу бұл ел, жанкүйерлер және жалпы көңіл-күй үшін маңызды", - деді Киряков "Чемпионат" басылымына берген сұхбатында.

Еске салайық, "Қайрат" үшінші турда Чемпиондар лигасының топтық кезеңінде алғашқы ұпайын иеленді. Алматыда Қазақстан клубы Кипрдің "Пафос" командасымен тең ойнады.

Қазіргі уақытта "Қайрат" Чемпиондар лигасы турнирлік кестесінде 34-орында, одан төменде тек "Бенфика" мен "Аякс" орналасқан, олар үш ойынында да жеңіліп қалған.
Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Жаңалықтар » Спорт » Сергей Кирияков: "Қайраттың эйфориясы бәсеңдеп келеді"