
«Барселона» президенті Жоан Лапорта клубтың дарынды вингері Ламин Ямалға қолдау көрсетті. Ямал жуырда «Реалға» қатысты біраз батыл пікір білдірген және «Эль Класикодағы» жеңілістен кейін қысымға ұшыраған еді.
«Ламин нағыз данышпан. Мен оның жанындамын және оған толық қолдау көрсетемін.
Ол керемет жігіт әрі жарқын футболшы. Біз ол туралы қамқорлық жасап, оны қорғауымыз керек.
Ямалдың қасында болып, оны қолдау үшін барлық шараларды қолданамын. Ол небәрі 18 жаста және бұл жаста болып жатқан оқиғалармен күресу оңай емес.
Біз оған түсіністікпен қарауымыз керек. Ол пубалгиямен күресіп жүр, бұл бір түнде жазылатын нәрсе емес.
Ол өте көп еңбектеніп жатыр және құрметке лайық», – деді Лапорта Goal порталына берген сұхбатында. Сәрсенбі күні «Барселона» Чемпиондар лигасы аясында сырт алаңда «Брюгге» командасымен ойнайды.
Лапорта: Ламин Ямал нағыз данышпан
Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз Тақырыпқа қатысты жаңалықтар