
Ливерпуль клубы жартылай қорғаушы Доминик Собослайға жаңа келісімшарт ұсынуды жоспарлап отыр. Венгриялық футболшы ағымдағы маусымда Арне Слот үшін негізгі ойыншылардың біріне айналды.
Клуб басшылығы 25 жастағы футболшының ойынына тәнті, сондықтан онымен ұзақ мерзімді келісімшартқа қол қоюға ниетті. Журналист Николо Скираның мәліметінше, қызылдар Собослайға 2030 немесе 2031 жылға дейін күшінде болатын еңбек келісімін ұсынады.
Доминик Собослай осы маусымда Ливерпуль сапында 15 ойында алаңға шығып, 2 гол соқты және 5 нәтижелі пас берді. Арне Слот 25 жастағы футболшыны орталық жартылай қорғауда, сондай-ақ оған әдетте жат болып табылатын оң қанат қорғаушысы позициясында да сынап көруде.
Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз Тақырыпқа қатысты жаңалықтар