
Барселонаның орталық қорғаушысы Эрик Гарсия «Пари Сен-Жермен» клубының қызығушылық аясында қалуды жалғастыруда. Бұған дейін париждіктер испаниялық футболшыны еркін агент ретінде өз қатарына қосуға тырысқаны жайлы хабарлар тараған болатын.
Аталған сыбыстар Гарсияның Барселонамен жаңа келісімшарт жөнінде дерлік келісімге қол жеткізуіне байланысты бәсеңдеген еді. Алайда, журналист Лоик Тонзидің мәліметінше, ПСЖ әлі де Гарсияны өз командасына қосу бағытында жұмыс жүргізуде.
Францияның аса мықты клубы футболшыны қаңтарда арзанырақ бағаға сатып алу мүмкіндігіне ие. Transfermarkt мамандары Эрик Гарсияның құнын 25 миллион еуро деп бағалауда.
Жуырда Гарсия Барселонамен келісімшартын ұзарып, клубта қалуға үмітті екенін мәлімдеген болатын.
Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз Тақырыпқа қатысты жаңалықтар