
Манчестер Сити жартылай қорғаушысы Бернарду Силва Чемпиондар лигасындағы ойындар санын 100-ге жеткізді. Бұл нәтижеге ол "Боруссияға" қарсы ойында, екінші таймда ауыстырылып алаңға шыққан кезде қол жеткізді.
УЕФА-ның негізгі клубтық турнирінде өткізген алдыңғы 99 ойында Силва 17 гол соғып, 13 нәтижелі пас берді. Бернарду Силва 2017 жылдың жазында "Монакодан" "Манчестер Ситиге" ауысқан болатын.
Чемпиондар лигасының осы кездесуінде "Манчестер Сити" "Боруссиядан" 3:1 есебімен алда болып, Силва ойынға осы есепте қосылды.
Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз