
Манчестер Сити шабуылшысы Эрлинг Холанд тағы да өзiнiң голға бай ойындарымен клуб тарихында жаңа рекорд орнатты. Сәрсенбі күні Холанд өзінің бұрынғы командасы Дортмундтiң Боруссиясына қарсы ойында (4:1) бір гол соғып, жеңіске үлес қосты.
25 жастағы норвегиялық футболшы Чемпиондар лигасындағы гол сериясын қатарынан бес ойын бойы жалғастырды. Бұған Манчестер Сити тарихында әлі ешбір футболшы қол жеткізбеген.
Сонымен бірге, Холанд биылғы Чемпиондар лигасы маусымында 5 гол соғып, Килиан Мбаппе (Реал Мадрид) және Гарри Кейн (Бавария) екеуімен екінші орында тұр. Бірінші орында Галатасарай шабуылшысы Виктор Осимхен орналасқан, ол 6 голдың авторы атанған.
Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз