date

Флик: "Барселона" тактикасы өзгермейді

Флик: "Барселона" тактикасы өзгермейді
“Барселона” бас бапкері Ханс-Дитер Флик өз тактикалық көзқарасы туралы пікір білдірді. Соңғы ойындарда бұл жүйе күткен нәтижені бере алмай жатыр.

Сәрсенбі күні “көк-анар түстілер” Чемпиондар лигасы аясында “Брюгге”ге қарсы ойында 3:3 есебімен тең түсті. Каталондықтар қатарынан 9 ойында гол жіберіп алып жатыр – бұл жағдай соңғы 12 жылда болмаған.

“Біз қорғанысты төмен блокқа ауыстыра аламыз, бірақ өз философиямыз аясында күшейе түсуіміз қажет. Мәселе интенсивтілікте: егер ол жеткіліксіз болса, Чемпиондар лигасында нәтиже күту қиын болады.

Мен тактикалық көзқарасты түбегейлі өзгертетін бапкерлердің қатарынан емеспін. Біз өз ДНҚ-мызға сай ойнауды қалаймыз.

Төмен қорғаныс блогымен қорғанып, қарсы шабуылда жалғыз гол салып, 1:0 есебімен жеңіске жету – бұл біздің стиліміз емес. 3:3 ең жақсы нәтиже емес, бірақ жағымды жағы – біз әрбір жіберілген голдан соң есепті теңестіре алдық”, – деді Флик баспасөз мәслихатында.

“Барселона” Чемпиондар лигасының жалпы кезеңінде төрт турдан кейін 7 ұпаймен 11-орында тұр.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Жаңалықтар » Спорт » Флик: "Барселона" тактикасы өзгермейді