date

Лапорт: "Біз Роналдумен ең жақын достар емеспіз"

Лапорт: "Біз Роналдумен ең жақын достар емеспіз"
Бұрынғы "Әл-Наср" футболшысы Эмерик Лапорт Криштиану Роналдумен қарым-қатынас туралы айтты. Испаниялық футболшы қыркүйек айының басында Сауд Арабиясы клубынан кетіп, "Атлетик Бильбао" командасына оралды.

"Біз Роналдумен мен кеткенге дейін сәл сөйлестік, бірақ содан кейін іс жүзінде байланыспадық. Біз ең жақсы достар емеспіз, күнде сөйлеспейміз және бәрін бір-бірімізге айтпаймыз.

Бірақ қажеттілік болса, мен әрқашан Криштианумен хабарласа аламын. Бізде бір-біріміздің телефон нөмірлеріміз бар, ешқандай мәселе жоқ," – деді 31 жастағы қорғаушы "Al Nassr Zone"-ға берген сұхбатында.

Эмерик Лапорт Сауд Арабиясында екі жыл ойнады. Ал Криштиану Роналду болса, 2023 жылдың басынан бері "Әл-Наср" намысын қорғап жүр.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Жаңалықтар » Спорт » Лапорт: "Біз Роналдумен ең жақын достар емеспіз"