date

Гвардиола: Әр жолы Холандтың рекордын айтасыз

Гвардиола: Әр жолы Холандтың рекордын айтасыз
Эрлинг Холанд сәрсенбі күні "Боруссия" қақпасына гол соқты. Норвегиялық футболшы үш түрлі клуб сапында Чемпиондар лигасында қатарынан бес ойында гол соққан алғашқы ойыншы болды.

Бұдан бөлек, Холанд "Манчестер Ситидің" осы турнирдегі гол соғу сериясы бойынша клуб рекордын да орнатты. "Қалалықтардың" бас бапкері Хосеп Гвардиола 4:1 есебіндегі жеңістен кейін Холандтың рекордтары жөнінде пікір білдірді.

"Жаңа рекорд па? Мен оны білмеппін.

Шынымды айтсам, білмедім. Әр жолы flash-сұхбатқа немесе баспасөз конференциясына келгенімде, Холандтың жаңа рекорды туралы айтасыз.

Оның үшін қуаныштымын. Ол бұған лайық.

Оның айналасында қанша көп жақсы футболшылар болса, сонша оңайырақ болады. Үздік клубтарда әрдайым солай.

Жақсы ойыншылар бүкіл команданың әлеуетін арттырады", – деді Гвардиола TNT Sports арнасына. "Манчестер Сити" келесі ойынын 9-қарашада АПЛ аясында "Ливерпульге" қарсы өткізеді.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Жаңалықтар » Спорт » Гвардиола: Әр жолы Холандтың рекордын айтасыз