
«Барселона» қорғаушысы Эрик Гарсия Чемпиондар лигасы аясында «Брюгге» командасына қарсы ойында мұрнын сындырып алды. Сәрсенбі күні өткен және 3:3 есебімен аяқталған кездесуден кейін 24 жастағы футболшы журналистерге берген сұхбатында мұрны сынған болуы мүмкін екенін айтты.
Жақында оның бұл болжамы рентген арқылы расталды, деп хабарлады журналист Виктор Наварро. Барселонаға оралғаннан кейін футболшы қорғаныш маскасымен көрінді.
Жексенбі күні «Барселона» Ла Лиганың 12-турында «Сельтаға» қарсы ойын өткізеді. Қазіргі уақытта каталониялықтар чемпионат кестесінде екінші орында, «Реал Мадридтен» бес ұпайға қалып келеді.
Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз Тақырыпқа қатысты жаңалықтар