
18 жастағы "Барселона" жұлдызы Ламин Ямал өз жарақаты туралы пікір білдірді. Бұған дейін, баспасөзде жартылай қорғаушының шап тұсында ауру сезінетіні жайлы хабарлар тараған еді.
"Мен мүмкіндігімше жұмыс істеп жатырмын. Көпшілік менің жарақатым туралы жазып жатыр және бұл мені ренжітеді.
Мен өзімді жақсы сезінемін және ең жоғары деңгейге қайта оралғым келеді", – дейді футболшының сөзін Marca газеті келтіреді. Айта кетейік, Ламин 2025 жылғы "Алтын доп" сауалнамасында екінші орынды иеленген еді.
Осы маусымда испандық футболшы Ла Лигада 7 матчқа қатысып, 3 гол соқты және 4 нәтижелі пас берді.
Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз Тақырыпқа қатысты жаңалықтар