date

Шоу-шулы трансфер: Шерки әр 45 минутта тиімділік көрсетеді


«Манчестер Сити» шабуылшы жартылай қорғаушысы Райан Шерки өзінің керемет статистикасымен ерекшеленіп отыр. Франциялық футболшы осы маусымда бар болғаны 268 минут қана алаңда өнер көрсеткенімен, үш гол соғып, үш нәтижелі пас берген.

22 жастағы футболшы әр 45 минутта не гол соғуда, не ассист беруде. Шерки «қалалықтардың» негізгі құрамында үш рет алаңға шыққан.

Сәрсенбі күні ол Чемпиондар лигасы аясында Дортмундтың «Боруссиясына» қарсы ойында 79-минутта алаңға қосалқы құрамнан шықты және 91-минутта гол соғып, есепті 4:1-ге жеткізді. Бұл нәтиже Пеп Гвардиола командасының пайдасына шешілді.

Еске сала кетейік, Шерки биыл маусым айында «Лион» клубынан «Манчестер Сити» командасына ауысқан еді.
Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Жаңалықтар » Спорт » Шоу-шулы трансфер: Шерки әр 45 минутта тиімділік көрсетеді