date

"Галатасарай" Лионель Мессиді 4 айға жалға алмақ

"Галатасарай" Лионель Мессиді 4 айға жалға алмақ

Ыстамбұлдың әйгілі "Галатасарай" клубы футбол әлемін тағы бір сенсациямен таң қалдыруы мүмкін. Түрік баспасөзі хабарлағандай, команда басшылығы 2026 жылғы әлем чемпионаты алдында Америкадағы MLS жарысының үзілісін пайдаланып, Лионель Мессиді қысқа мерзімге командаға қосуды көздеп отыр. Бұл туралы Transfer TV басылымы жазды.

Мәліметтерге қарағанда, 38 жастағы аргентиналық жұлдыз қазір "Интер Майами" сапында ойнап жүр және турнирлер арасындағы үзілісті Еуропада өткізуі мүмкін. "Галатасарай" басшылығы дәл осы кезеңді тиімді пайдаланып, Мессиді төрт айға жалға алу үшін келіссөздер жүргізе бастады.

Дереккөздердің жазуынша, Стамбул клубы Мессидің өзімен және оның айналасындағы адамдармен тікелей байланыс орнатып үлгерген. Түркиялықтар бұл келісім арқылы команданың әлеуетін арттырып қана қоймай, чемпионатқа деген қызығушылықты да күшейтуді көздеп отыр.

Белгілі болғандай, "Галатасарай" Мессидің 4 айлық қызметі үшін 10 миллион еуро көлемінде жалақы төлеуге дайын. Клуб басшылығы бұл қаржыны уақытында қамтамасыз ету үшін арнайы қаржы жоспарын дайындағанын да хабарлады.

Көптеген сарапшылардың пікірінше, мұндай ұсыныс Месси үшін қызықты болуы мүмкін, өйткені Түркия чемпионатындағы жоғары темп пен жанкүйерлер ортасы оған әлем чемпионаты алдында жақсы жаттығуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, бұл трансфер "Галатасарай" үшін де маркетингтік тұрғыдан үлкен жетістік болады.

Клуб скауттары Мессидің "Интер Майамидегі" әрбір қимылын мұқият бақылап, оның физикалық жағдайы, ойын жылдамдығы және алаңдағы қызметі туралы үнемі есеп беріп отырады.

Әзірге тараптар арасында ресми келісімге қол қойылмаса да, келіссөздер оң нәтиже берсе, Месси 2026 жылдың басында Түркияға баруы мүмкін.

Бұл ұсыныс жүзеге асса, Лионель Месси өз мансабында алғаш рет Түркия чемпионатында ойнайды және бұл "Галатасарай" үшін де, бүкіл түрік футболы үшін де үлкен оқиға болатыны сөзсіз.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Жаңалықтар » Спорт » "Галатасарай" Лионель Мессиді 4 айға жалға алмақ