date

«Марсель» клубының спорт директоры төрешіліктен наразылық білдірді

"Марсель" клубы спорт директоры төрешіліктен наразылық білдірді

Францияның "Марсель" клубы Чемпиондар лигасында сәтті ойын көрсете алмай жатыр. Команда алғашқы төрт кездесудің үшеуінде ойсырай жеңілді.

Соңғы турда клуб Италия өкілі "Аталантаға" 0:1 есебімен ұтылды. Ойынның соңғы минуттарында "Марсель" футболшылары қарсыластың қолмен ойнағанына байланысты пенальти талап етті.

Алайда төрешілер бұл талапты ескерусіз қалдырды. Клубтың спорт директоры Мехди Бенатиа жағдайға өз пікірін білдірді.

"Бұл анық пенальти еді, Эдерсонның қолмен ойнағанын бәрі көрді. Бұл біз үшін Чемпиондар лигасында екінші рет қайталанып отыр.

"Реалға" қарсы ойында біздің қақпамызға күмәнді пенальти белгіледі, бұл жолы болса бізге пенальти бермеді. Төрешілер бізге әділетсіз және құрметсіздікпен қарап жатыр", - деді Бенатиа.

Келесі турда "Марсель" Англияның "Ньюкасл" командасына қарсы алаңға шығады.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Жаңалықтар » Спорт » «Марсель» клубының спорт директоры төрешіліктен наразылық білдірді