date

Реал Мадрид ойыншылары Алонсоға наразы


«Реал Мадрид» командасында ішкі мәселелер байқалуда. Белгілі El Chiringuito бағдарламасында жарияланған ақпараттарға сәйкес, команда ойыншылары бас жаттықтырушы Хаби Алонсоның стиліне разы еместігін білдірген.

Кейбір футболшылар Алонсоны өте салқынқанды деп санайды және оларды түсінбейтінін айтқан. Әсіресе, Чемпиондар лигасында «Ливерпульге» қарсы ойында Трент Александер-Арнолдтың алаңға шығарылуы ойыншылар арасында түсініспеушіліктер туғызған.

Еске сала кетейік, сол ойында «Реал» «Ливерпульдің» алаңында 0:1 есебімен жеңілген еді. Енді Хаби Алонсо команданы 9-қараша, жексенбі күні өтетін «Райо Вальеканоға» қарсы дербиге дайындауда.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Жаңалықтар » Спорт » Реал Мадрид ойыншылары Алонсоға наразы