Почеттино АПЛ-ға оралуды жоспарлап отыр

Почеттино АПЛ-ға оралуды жоспарлап отыр
Маурисио Почеттино қазіргі уақытта АҚШ ұлттық құрамасын басқарып, команданы өз үйіндегі әлем чемпионатына дайындауда. Болашақта аргентиналық маман тағы да Англия Премьер-лигасында жұмыс істеуді жоспарлап жүргенін мәлімдеді.

"Премьер-лига – әлемдегі ең үздік лига. Әрине, мен ол жерде жұмыс істеуді сағынып жүрмін.

Америкада өте бақыттымын, бірақ бір күні Премьер-лигаға қайтамын деп ойлаймын. Бұл ең бәсекеге қабілетті лига", – деді Почеттино BBC Sport-қа берген сұхбатында.

Бұған дейін Маурисио Почеттино Англияда "Саутгемптон", "Тоттенхэм" және "Челси" командаларын басқарған болатын. АҚШ ұлттық құрамасының бапкерлігіне ол 2024 жылдың күзіне тағайындалған.

Пікірлер 0

…

Байланысты жаңалықтар