date

Рубен Аморим "Манчестер Юнайтед" мәселесін түсіндірді


«Манчестер Юнайтед» бас бапкері Рубен Аморим команданың қорғаныстағы мәселесі туралы айтты. Биылғы маусымда «қызыл әзәзілдер» тек бір ғана ойында қақпаларын аман сақтай алды.

«Құрғақ ойындардың жоқтығы? Бұл – үлкен мәселе.

Қазіргі көрсеткіштерге қарасақ, лига көшбасшысы дерлік гол жібермей келеді. Қорғаныстың сенімді ойнауы өте маңызды.

Егер жақсы қорғана алсаңыз, бір сәтте шабуылда мүмкіндікті пайдаланып, ойында жеңіске жете аласыз. Бірақ қорғаныс – бұл бүкіл команданың жұмысы.

Біз қорғанысты жақсартуымыз және белсендірек әрекет етуіміз керек. Барлығы бір-бірімен байланысты.

Қазіргі сияқты көп гол жіберуге болмайды. Кейде мықты қорғаныс шабуылды да жақсартуға көмектеседі.

Өткен ойында қарсылас біздің қақпаға 17 рет соққы жасады – мұндайға жол бермеуіміз керек», – деді Аморим баспасөз мәслихатында. Сенбі, 8 қараша күні «Манчестер Юнайтед» Премьер-лига аясында «Тоттенхэмге» қарсы матч өткізеді.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Жаңалықтар » Спорт » Рубен Аморим "Манчестер Юнайтед" мәселесін түсіндірді