date

Ливерпуль Бастони үшін 100 млн еуро ұсынбақшы

Ливерпуль Бастони үшін 100 млн еуро ұсынбақ
Ливерпуль командасы қорғаныс шебінде мәселелерге тап болып отыр. Сондықтан мерсисайдтық клуб қаңтар айында трансфер нарығына шығуды жоспарлауда.

Fichajes басылымының хабарлауынша, Ливерпульдің негізгі трансферлік мақсаты – Интер қорғаушысы Алессандро Бастони болып тұр. Дереккөздерге қарағанда, Ливерпуль Бастонидің ойын сапасы мен тәжірибесін жоғары бағалап отыр және оны сатып алу үшін 100 миллион еуро төлеуге дайын.

Клуб басшылығы 26 жастағы италиялық футболшы қорғаныс шеберін жаңғырту жобасына мінсіз сай келеді деп есептейді. 2025/2026 жылғы маусымда Алессандро Бастони 12 ойында алаңға шығып, бір гол соқты және үш нәтижелі пас берді.

Ливерпуль келесі кездесуін 9 қараша күні сырт алаңда Манчестер Сити командасына қарсы өткізеді.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Жаңалықтар » Спорт » Ливерпуль Бастони үшін 100 млн еуро ұсынбақшы