
FIFA The Best сыйлығының "Жылдың ең үздік футболшысы" номинациясына үміткер футболшылардың тізімі жарияланды. 2025 жылғы сыйлыққа үміткерлер қатарында Усман Дембеле, Ашраф Хакими, Гарри Кейн, Килиан Мбаппе, Нуну Мендеш, Коул Палмер, Педри, Рафинья, Мұхаммед Салах, Витинья және Ламин Ямал бар.
Тізімде жалпы 11 футболшы енгізілген, олардың төртеуі "ПСЖ"-ны, үшеуі "Барселонаны" қорғайды. Сондай-ақ, "Бавария", "Реал", "Ливерпуль" және "Челси" клубтарынан бір-бір өкілден бар.
2024 жылы "The Best" сыйлығы "Жылдың ең үздік футболшысы" номинациясында "Реал" шабуылшысы Винисиус Жуниорға берілген еді. Бұған қоса, қыркүйек айында "Алтын допты" жеңіп алған Усман Дембеле FIFA сыйлығына да үміткер болып тұр.
Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз