date

Фоден Дортмунд үстінен жеңіс туралы айтты


«Манчестер Сити» шабуылшысы Фил Фоден Чемпиондар лигасының негізгі кезеңіндегі «Боруссия Дортмунд» командасына қарсы ойыннан кейін өз әсерлерімен бөлісті. Еске сала кетейік, «қалалықтар» өз алаңында қарсыласын 4:1 есебімен жеңді.

«Керемет сезімдер. Мен әрқашан жүзімде күлкімен ойнауым керек, дәл солай істеп жүрмін.

Өткен жыл қиындау өтті, тек мен үшін емес, барлығымыз үшін. Осы маусымда біз қайтадан біріктік және бұл сезіледі», – деді футболшының сөзін УЕФА баспасөз қызметі келтіреді.

Фоденнің пікірінше, «аралар» «Ситиге» қиындықтар туғыза алды, бірақ Хосеп Гвардиола командасы олардан басым түсті. Фил Фоден алғашқы таймда-ақ дубль жасады.

Сондай-ақ Эрлинг Холанд пен Раян Шерки де бір-бір голдан соқты.
Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Жаңалықтар » Спорт » Фоден Дортмунд үстінен жеңіс туралы айтты