
«Барселона» бас бапкері Ханс-Дитер Флик Чемпиондар лигасы топтық кезеңінің төртінші турында «Брюгге» командасымен тең (3:3) ойнағаннан кейін өз пікірлерін айтты. Каталондықтар Бельгия сапарында үш рет есепте артта қалса да, жеңілістен құтылып кете алды.
«Бұл оңай ойын болған жоқ. Бізде көптеген мүмкіндік болды, бірақ «Брюгге» жақсы қорғанды және өте агрессивті ойнады.
Біз прессингте әлсіз болдық және әсіресе жартылай қорғауда көп жекпе-жектерде ұтылып жаттық. Қорғаушыларымызға қиын болды.
Допсыз ойындағы интенсивтілік бойынша жұмыс істеуіміз керек – қарсылас бір-екі паспен қарсы шабуылға шыққанда сақ болу маңызды. Тек қақпа маңында емес, сонымен қатар алаң ортасында да жақсы қорғана білуіміз керек», – деді Флик УЕФА баспасөз қызметіне.
«Барселона» қазір турнир кестесінде 7 ұпаймен 11-орында тұр.
Флик: "Барселона" ойын сапасын арттыруы керек
Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз