date

Ламин Ямал: «Біз әрқашан жеңіске жетуіміз керек»

Ламин Ямал: "Біз әрдайым жеңуіміз керек"
«Барселонаның» вингері Ламин Ямал Чемпиондар Лигасы аясында Бельгияның «Брюгге» командасына қарсы ойыннан кейін өз ойымен бөлісті. Кездесу 3:3 есебімен тең аяқталды.

Каталониялық алыптар үш рет есепті теңестіре алды, бірақ жеңіске жете алмады. Қонақ команда сапында Ферран Торрес пен Ламин Ямал гол соқты, тағы бір гол Христос Цолистің автоголы ретінде тіркелді.

«Біз үш ұпай алғымыз келді, бірақ бұл жолы өте қиын болды. Біз – «Барселонамыз» және әрдайым жеңуіміз керек.

Енді келесі ойынға назар аударуымыз қажет. Қарсылас өте мықты команда болды.

Үш гол өткізіп ала отырып, жеңіске жету қиын. Бұл жағынан өз ойынымызды жақсартуымыз керек», – деді Ямал ойынынан кейінгі сұхбатында.

Ханс-Дитер Флик басқаратын команда жалпы кезеңдегі турнирлік кестеде жеті ұпаймен 11-орында келеді.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Жаңалықтар » Спорт » Ламин Ямал: «Біз әрқашан жеңіске жетуіміз керек»