date

Де Йонг: Ямал бізді алаңдатпайды


"Барселона" жартылай қорғаушысы Френки де Йонг Чемпиондар Лигасы аясында "Брюгге"-ге қарсы ойында (3:3) гол соққан Ламин Ямал туралы пікір білдірді. "Ямал өзін жақсы көрсетті.

Ол керемет футболшы, ерекше дарынға ие. Ол әрдайым ойында айырмашылық жасай алады.

Кейде ол бір ойында басқасына қарағанда күштірек ойнауы табиғи нәрсе. Егер ол жұмыс істеуді жалғастырса, ештеңеге алаңдаудың қажеті жоқ", – деді де Йонг Movistar телеарнасына.

Енді "Барселона" Испания чемпионаты аясында "Сельтаға" қарсы сырт алаңдағы ойынға дайындалады. Бұл кездесу жексенбі, 9-қараша күні өтеді.

Қазіргі уақытта каталондықтар турнир кестесінде көшбасшы "Реалдан" 5 ұпайға артта.
Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Жаңалықтар » Спорт » Де Йонг: Ямал бізді алаңдатпайды