
Танымал бұрынғы қақпашы Петр Чех Лондонның "Арсенал" командасының Англия Премьер-лигасындағы чемпиондық мүмкіндіктері туралы өз ойларын білдірді. Микель Артета басқаратын команда 10 турдан кейін 25 ұпай жинап, турнир кестесінде көш бастап тұр.
Олар екінші орында келе жатқан "Манчестер Ситиден" 6 ұпайға алда. "Арсеналдың" биылғы маусымда чемпион болу мүмкіндігі өте жоғары.
Қарсыластары құлдырау мен өрлеу кезеңдерінен өтіп жатыр, ал "канонирлер" ең қиын ойындарда да жеңіске жетуде. Бұл жолы олар чемпиондықты жеңіп алу үшін барлық мүмкіндіктерге ие", – деді Петр Чех журналист Руди Галлеттиге берген сұхбатында.
Еске сала кетейік, "Арсенал" Премьер-лигада соңғы рет 2003/04 жылғы маусымда чемпион болған. Соңғы үш маусымда Лондон командасы екінші орынды иеленген.
Петр Чех: Арсенал чемпиондыққа жақын
Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз Тақырыпқа қатысты жаңалықтар