date

Наполи Касадоға назар аударуда

Наполи Касадоға назар аударуда
Италияның қазіргі чемпионы "Наполи" командасы жартылай қорғау шебін күшейту мақсатында ізденістерін жалғастыруда. Кевин де Брюйне жарақат алғаннан кейін, клуб "Манчестер Юнайтедтің" жас таланты Кобби Мэйнуге қызығушылық білдірген еді.

Алайда "қызыл шайтандар" бұл футболшыны қаңтар айында жіберуді жоспарламайды. Fichajes басылымының хабарлауынша, "Наполи" Мэйнуға балама ретінде "Барселона" жартылай қорғаушысы Марк Касадоны қарастыруда.

А Сериясының алыбы 22 жастағы испандық футболшы үшін 30 миллион еуро ұсынуға дайын екенін айтқан. Биылғы маусымда Касадо бапкер Ханс-Дитер Фликтың жетекшілігімен 12 ойында алаңға шығып, бір нәтижелі пас берген.

Оның келісімшарты 2028 жылға дейін жарамды.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Жаңалықтар » Спорт » Наполи Касадоға назар аударуда