
«Ньюкасл» клубының жартылай қорғаушысы Сандро Тонали өз болашағы туралы сұрақтарға жауап берді. 25 жастағы футболшы Италияға қайтуы мүмкін деген қауесеттермен байланыстырылып жүр, бірақ әзірге бұл жөнінде нақты бір қадамдар байқалмаған.
Өзі әзірге клубтан кетуді жоспарламайтынын мәлімдеді. «Футболда жыл сайын бәрі өзгереді.
Мен «Ньюкаслда» он жыл қаламын демеймін, алайда қазір мұнда бақыттымын және басқа клуб туралы ойлап жатқаным жоқ», – деді футболшы журналист Фабрицио Романоға берген сұхбатында. Сандро Тонали «Ньюкасл» сапына 2023 жылдың жазында «Миланнан» 60 миллион еуродан аса сомаға қосылған.
Италиялық футболшының келісімшарты 2028 жылға дейін есептелген.
Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз Тақырыпқа қатысты жаңалықтар