
Футбол инсайдері Фабрицио Романо «Ливерпуль» қорғаушысы Вирджил ван Дейктің Мадридтің «Реал» клубына ауысуы туралы қауесеттерге пікір білдірді. «Испанияда ван Дейктің жазғы трансфер маусымында «Реалға» қосылғысы келгені туралы хабарлар тарады.
Алайда мен білетінім, ол «Ливерпульден» кеткісі келген жоқ. Вирджил өзін клуб жобасының маңызды бөлігі деп есептейді.
Ол әрдайым «қызылдармен» жаңа келісімшартқа қол қоюға қызығушылық білдірді», — дейді инсайдердің сөзін Team Talk басылымы келтіреді. 34 жастағы қорғаушы 2018 жылдың қаңтар айынан бері «Ливерпуль» намысын қорғап келеді.
Оның қазіргі келісімшарты 2026/2027 жыл маусымы соңында аяқталады.
Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз Тақырыпқа қатысты жаңалықтар