
Мадридтің "Реал" клубының орталық қорғаушысы Антонио Рюдигер жақын арада командасын ауыстыруы мүмкін. Бұл туралы Испанияның Marca басылымы хабарлады.
Испаниялық журналистердің мәліметінше, футболшының Англияда мансабын жалғастыру мүмкіндігі бар. Неміс қорғаушысына оның бұрынғы командасы – Лондонның "Челси" клубы қызығушылық танытуда.
Сонымен қатар, Рюдигер Сауд Арабиясы чемпионатында да ойнау мүмкіндігін қарастыруда. 32 жастағы футболшы "Реал Мадрид" сапында 2022 жылдың жазынан бері өнер көрсетіп келеді.
Оның қазіргі келісімі 2026 жылдың маусымына дейін жарамды. Антонио Рюдигердің трансферлік құны 15 миллион еуроға бағалануда.
Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз Тақырыпқа қатысты жаңалықтар