
«Манчестер Сити» қорғаушысы Йошко Гвардиол итальян қақпашысы Джанлуиджи Доннарумманың командаға бейімделуі туралы пікір білдірді. «Манчестер Сити» әрқашан жоғары деңгейдегі қақпашыларға ие болған.
Джанлуиджи де солардың бірі. Доннарумма командаға тез бейімделді.
Команда мүшелері оның ұжымымыздың бір бөлігіне айналғанына қуанышты. Біз онымен бірге бұдан да жоғары нәтижелерге жете аламыз», – деді футболшы City Xtra аккаунтында келтірілген сөзінде.
Итальяндық қақпашы өткен жазда француздың ПСЖ клубынан ағылшынның «қалалықтар» командасына өтті. Трансфердің сомасы 30 миллион еуроны құрады.
Джанлуиджи «Манчестер Сити» клубымен бес жылдық келісімшартқа қол қойды.
Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз Тақырыпқа қатысты жаңалықтар