date

Роналду: «Мен бұл дәрежеде танымал болғым келмеген»

Роналду: «Мен бұл дәрежеде танымал болғым келмеген»
Португалиялық әйгілі футболшы Криштиану Роналду өз атағы туралы айта келе, шамадан тыс танымал болу оған ұнамайтынын мойындады. Бұл туралы ол британдық журналист Пирс Морганға берген сұхбатында айтты.

Роналдудың айтуынша, енді ол еш жерде танылмай жүру мүмкіндігіне ие емес. «20 жыл бұрын иә, мені танымайтын жерлер бар еді. Бірақ қазір ондай орындар жоқ», — деді ол. Футболшы ашық мойындады: «Бұл қызықсыз, маған сеніңіз. Мен мұндай дәрежеде танымал болғым келмеген».

Сұхбат барысында журналист: «Егер сен барлық жетістіктерге жетсең, бірақ атағың болмаса, келісер ме едің?» деп сұрады. Роналду болса: «Әрине, 100 пайыз келісер едім. Мен атақты болуды емес, тек табысқа жетуді қалағанмын», — деп жауап берді.

Роналду бала кезінен футбол арқылы үлкен жетістіктерге жетуді армандағанын, бірақ шамадан тыс танымалдық оған ұнамайтынын айтты. «Мен жұлдыз болатынымды білгенмін, бірақ бұл дәрежеде танымал болғым ешқашан келмеген», — деді футболшы.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Жаңалықтар » Спорт » Роналду: «Мен бұл дәрежеде танымал болғым келмеген»