date

Слот Венгердің Вирц туралы пікірі туралы жауап берді

Слот Венгердің Вирц туралы пікіріне жауап берді
«Ливерпуль» бас бапкері Арне Слот бұрынғы «Арсенал» бас бапкері Арсен Венгердің Флориан Вирц туралы айтқан пікіріне қатысты жауап берді. Венгердің пікірінше, команда жаңа жұлдыз футболшының оңтайлы позициясын таңдауда қиындыққа тап болған.

«Флорианға командаластарына үйрену үшін уақыт керек, сол сияқты командаға да Флорианмен ойнауға машықтану үшін уақыт қажет. Қазір ол сол қанатта ойнап жүр, бірақ ерте ме, кеш пе — егер бұл маусымда болмаса, келесі маусымда — ол өзін жартылай қорғау орталығында көрсетеді.

Футболдың кереметі сол, әркім өз пікірін білдіре алады. Бірақ ешкім хирургқа жүрекке операцияны қалай жасау керектігін үйретпейді, ал футбол туралы әркім өз ойын айтады.

Бізде бес-алты жақсы жартылай қорғаушы бар, олар бірге ойнай алады, бірақ одан толық пайда алу үшін уақыт қажет», — деді Слот баспасөз мәслихатында. Жексенбі күні «Ливерпуль» «Манчестер Ситимен» кездеседі.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Жаңалықтар » Спорт » Слот Венгердің Вирц туралы пікірі туралы жауап берді