
Аргентина ұлттық құрамасының жартылай қорғаушысы Алексис Мак Аллистер "Ливерпуль"дегі жағдайынан толығымен қанағаттанған. Бұл туралы Football Insider хабарлайды.
Дереккөзге сәйкес, әлем чемпионы "Ливерпульден" жедел кетуді жоспарлап отырған жоқ, тіпті Мадридтің "Реал" клубы оған қатты қызығып отырса да. Бұған дейін "Реал" 26 жасар жартылай қорғаушыны қаңтар айында ауыстыруды жоспарлап жатқаны туралы хабарлар тарап кеткен болатын.
Ағымдағы маусымда Мак Аллистер барлық турнирлерде 15 ойынға шығып, 1 гол соғып, 2 нәтижелі пас берді. Футболшының "Ливерпуль" клубымен келісімшарты 2028 жылға дейін есептелген.
Transfermarkt сарапшылары оның бағасын 100 миллион еуро шамасында бағалауда.
Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз Тақырыпқа қатысты жаңалықтар