date

Тоттенхэм мен Ньюкасл Тягоны қолға алғысы келеді


Brentford шабуылшысы Игор Тиаго Англия Премьер-лигасының екі клубының назарында. Trivela басылымының мәліметінше, "Тоттенхэм" қысқы трансферлік терезесі ашылғанға дейін Тиагоға хабарласып, оның жағдайын анықтауды жоспарлаған.

24 жастағы шабуылшыға "Ньюкасл" да қызығушылық танытуда. Ағымдағы Премьер-лига маусымында Тиаго он матчқа қатысып, қарсылас қақпасын алты рет дәл көздеген.

Қазір ол бірнеше футболшылармен бірге үздік бомбардирлер тізімінде екінші орынды бөлісіп тұр. Transfermarkt порталының мәліметінше, Тиагоның нарықтық құны 22 миллион еуроны құрайды.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Жаңалықтар » Спорт » Тоттенхэм мен Ньюкасл Тягоны қолға алғысы келеді