date

Гризманн Роналдуды артта қалдырды


Мадридтің "Атлетико" клубының шабуылшысы Антуан Гризманн Ла Лига аясында "Леванте" командасына қарсы ойында (3:1) өз командасына жеңіс сыйлауда көмек жасады. 34 жастағы футболшы екінші таймда алаңға қосалқы құрамнан түсіп, қарсыластың қақпасына екі рет гол соғып, матчтың қаһарманына айналды.

MisterChip мәліметтеріне сәйкес, Гризманн Ла Лига тарихында өз командасына голдарымен ең көп ұпай әкелген футболшылар тізімінде үшінші орынға көтерілді. Ол бұл қатарда Мадридтің "Реал" клубының аңызы Криштиану Роналдуды артта қалдырып, 133 ұпайға ие болды (Роналдудың 132 ұпай).

Рейтингте оның алдында тек Лионель Месси (221) және Рауль (142) бар. "Атлетико" болса, 12 турдан кейін Испания чемпионатының турнирлік кестесінде 25 ұпаймен төртінші орында тұр.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Код анық көрінбесе, оны жаңарту үшін суретті басыңыз
Жаңалықтар » Спорт » Гризманн Роналдуды артта қалдырды