date

Федерико Кьеза: “Кака менің кумирім еді”


Италиялық шабуылшы, қазіргі уақытта "Ливерпуль" клубының намысын қорғап жүрген Федерико Кьеза жастық шағында кімге еліктегенін айтты. Ол бразилиялық футболшы, "Милан" командасының бұрынғы жұлдызы және "Алтын доп" иегері Кака туралы әңгімеледі.

"Кака менің кумирім болған. Әкеммен бірге оның ойынынан ләззат алатынбыз.

Мен оны футболшы ретінде жақсы көріп қалған едім", - дейді Кьеза. Сондай-ақ, ол футбол тарихындағы ең жақсы италиялық футболшылардың төрттігін айтып өтті: "Мальдини, Баджо, Буффон және Пирло", - деп атап өтті Федерико Кьеза pianetamilan.it веб-сайтына берген сұхбатында.

Айта кетсек, Федерико Кьеза бұған дейін Италияның "Фиорентина" және "Ювентус" клубтарында ойнаған.
Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Код анық көрінбесе, оны жаңарту үшін суретті басыңыз
Жаңалықтар » Спорт » Федерико Кьеза: “Кака менің кумирім еді”