date

Левандовскийдің "Миланға" өтуі екіталай


БАҚ-та уақыт өте "Барселона" жұлдызды шабуылшысы Роберт Левандовскидің болашағы туралы түрлі әңгімелер шығып тұрады. Бұрын поляк футболшысын "Милан" клубымен байланыстыратын еді.

Transfer News Live басылымы Sportitalia-ға сілтеме жасап хабарлағандай, Левандовскидің қаңтар айында "россонеридің" қатарына қосылуы екіталай. Себебі каталониялықтар үшін маусым ортасында Робертке лайықты ауыстыру табу өте қиын болады.

Левандовскидің "Барселонамен" қолданыстағы келісімшарты 2025/2026 жылғы маусымның соңына дейін жасалған. Бұрын БАҚ-та 37 жастағы шабуылшының негізгі мақсаты "көк-гранаталықтар" сапында ойынын жалғастыру екені, егер клуб оған жаңа келісімшарт ұсынса, бұл мақсатын жүзеге асыратыны туралы хабарлар шыққан болатын.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Код анық көрінбесе, оны жаңарту үшін суретті басыңыз
Жаңалықтар » Спорт » Левандовскийдің "Миланға" өтуі екіталай