date

Левандовски Ла Лигада 35 жастан кейінгі үшінші хет-трик жасаушы болды


Роберт Левандовскидің хет-тригі "Барселона" командасына Ла Лиганың 12-турында "Сельта" командасын 4:2 есебімен жеңуге көмектесті. "Көк-анар түстілердің" жұлдызды футболшысы үзіліске дейін екі гол соғып, екінші таймда ойынның соңғы есебін белгіледі.

StatMuse деректеріне сәйкес, Левандовски Испания чемпионатында 35 жастан кейін хет-трик жасаған үшінші футболшы болды. Онымен қатар аңызға айналған Ференц Пушкаш және Альфредо Ди Стефано да 35 жастан кейін үш мәрте хет-трик жасаған.

Ағымдағы жылдың тамыз айында Роберт Левандовски 37 жасқа толды. Жалпы есеп бойынша ол 2022 жылы "Бавариядан" "Барселонаға" ауысқаннан бері барлық жарыстарда 159 ойында 108 гол соғуға қол жеткізді.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Код анық көрінбесе, оны жаңарту үшін суретті басыңыз
Жаңалықтар » Спорт » Левандовски Ла Лигада 35 жастан кейінгі үшінші хет-трик жасаушы болды