Inter жеңіспен үзіліске шықты

Inter жеңіспен үзіліске шықты
Италия чемпионатының 11-турында Миланның "Интер" командасы Римнің "Лацио" клубын 2:0 есебімен жеңіп, фаворит екенін тағы бір мәрте дәлелдеді. Ойында қорғаныста сенімді ойын көрсеткен "Интер" футболшысы Алессандро Бастони кездесуге қатысты өз пікірін білдірді.

"Біз үзіліске жақсы көңіл-күймен және турнирлік кестеде бірінші орында шығып жатырмыз", – деді Бастони fcinter1908.it басылымына. Келесі турда "Интер" 22 қараша күні "Милан" командасына қарсы ойын өткізеді.

Бұл ойын ӘЧ-2026 іріктеу кезеңінің соңғы турларынан кейін өтеді.

Пікірлер 0

…

Байланысты жаңалықтар