date

Лаутаро: "Жанкүйерлерімізге алғыс айтамын"

Лаутаро: "Жанкүйерлерімізге ризашылығымды білдіремін"
Италия чемпионатының он бірінші тур ойындары жалғасуда. Миланның "Интер" командасы Римнің "Лацио" клубына қарсы кездесуде екі гол соқты.

Осы голдардың бірін команда капитаны, аргентиналық шабуылшы Лаутаро Мартинес өз есебіне жазды. Ол клубты қолдау үшін келетін жанкүйерлерге ризашылығын білдіретінін атап өтті.

"Әрқашан бізді қолдау үшін келетін адамдарға ризашылығымды білдіремін. Дәл солар үшін әр ойын сайын голды атап өтудің жаңа тәсілдерін ойлап табуға тырысамын.

Біздің жанкүйерлеріміз алаңдағы он екінші ойыншымыз", – дейді Лаутароның сөзін fcinter1908.it жариялайды. Еске сала кетейік, аргентиналық футболшы 2018 жылдан бері Милан клубында өнер көрсетіп келеді.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Код анық көрінбесе, оны жаңарту үшін суретті басыңыз
Жаңалықтар » Спорт » Лаутаро: "Жанкүйерлерімізге алғыс айтамын"