
Барселона шабуылшысы Роберт Левандовски "Сельта" командасына қарсы ойында хет-трик жасап, 10-минутта пенальтиді дәл орындады. Польша жұлдыз футболшысы өзінің мансабында 100 мәрте 11 метрлік соққы орындап, олардың 89-ын голға айналдырды.
Испан БАҚ-тарының мәліметіне сәйкес, 37 жастағы шабуылшы пенальти орындау пайызы бойынша Криштиану Роналдуды артта қалдырды – 89 пайызға қарсы 83,66 пайыз. Сондай-ақ Левандовскиден Гарри Кейн (88,88%), Эрлинг Холанд (83,87%) және Килиан Мбаппе (80,28%) да төмен көрсеткіш көрсетіп отыр.
Роберт Левандовски 2022 жылы "Барселонаға" ауысты. Ол Каталонияға келмей тұрып, Германияда "Бавария" мен Дортмундтың "Боруссия" клубтарында өнер көрсетті.
Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз Тақырыпқа қатысты жаңалықтар