
«Аталанта» футбол клубы хорватиялық бапкер Иван Юрич пен оның көмекшілерін қызметінен босатқанын ресми түрде жариялады. Бұл туралы клуб өзінің ресми хабарламаларында мәлімдеді.
50 жастағы маман 2025 жылдың маусым айында танымал бапкер Джан Пьеро Гасперинидің орнына келіп, «Аталанта» командасын басқарған еді. Юричтің жетекшілігімен команда барлық жарыстарда 15 ресми ойын өткізіп, 4 жеңіс, 3 жеңіліс және 8 тең есепке қол жеткізген.
Италия чемпионаты аясында команда 11 тур қорытындысы бойынша 13 ұпай жинап, 13-орынға түсіп қалды.
Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз Тақырыпқа қатысты жаңалықтар