date

Барселона Мессидің келуіне қатысты пікір білдірді


Аргентина құрамасының капитаны Лионель Месси "Камп Ноу" стадионына барып қайтты. Дәл осы жерде ол футбол мансабындағы ең үздік жылдарын өткізген.

38 жастағы футболшы әлеуметтік желілерде өз әсерлерімен бөлісіп, бұрынғы клубына деген жылы сезімін сақтап қалғанын және бір күні "Барселонаға" қайтуды армандайтынын айтты. "Барселона" да аңызға айналған ойыншының сапарына жылы хабармен жауап беріп, Месси үшін клуб есіктері әрдайым ашық екенін мәлімдеді.

"Лео, біз сені әрдайым үйіңде күтеміз", – делінген клуб мәлімдемесінде. Еске сала кетейік, аргентиналық футболшы "Барселонадан" 2021 жылы кеткен.

Содан кейін ол "Пари Сен-Жермен" сапында ойнап, 2023 жылғы жазда АҚШ-тың "Интер Майами" клубына ауысқан.
Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Код анық көрінбесе, оны жаңарту үшін суретті басыңыз
Жаңалықтар » Спорт » Барселона Мессидің келуіне қатысты пікір білдірді