date

Левандовски Неймарды басып озды

Левандовский Неймардан озып кетті
«Барселона» шабуылшысы Роберт Левандовский «Сельта» командасына қарсы ойында сәтті оралды. Ол әуелі 10-минутта пенальтиді сәтті орындады, кейін 37-минутта ойын барысында гол соқты.

Осылайша, Левандовский «Барселона» сапындағы жалпы голдар саны бойынша клубтың бұрынғы жұлдызы Неймардан асып түсті. StatMuse хабарлауынша, бразилиялық футболшы клуб сапында 105 гол соққан болса, поляк шабуылшы қазіргі уақытта 107 голға ие.

Роберт Левандовский «Бавариядан» «Барселонаға» 2022 жылы ауысқан еді. Ал Неймар 2013 жылдан 2017 жылға дейін каталондық клубта ойнаған.

«Барселона» мен «Сельта» арасындағы ойын бірінші таймның қорытындысы бойынша 3:2 есебімен жалғасуда.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Код анық көрінбесе, оны жаңарту үшін суретті басыңыз
Жаңалықтар » Спорт » Левандовски Неймарды басып озды