date

Левандовский мансабын аяқтауы мүмкін


37 жастағы польшалық шабуылшы және "Барселона" клубының футболшысы Роберт Левандовски ағымдағы маусымның соңында футболшы мансабын аяқтауы мүмкін. Бұл туралы Sport.es басылымы хабарлады.

Дереккөздің мәліметінше, тәжірибелі шабуылшы клуб тарапынан жаңа келісімшарт ұсынылмаса, мансабын аяқтауды ойлап отыр. Оның қазіргі келісімшарты 2026 жылдың маусым айына дейін жарамды.

Левандовски 2022 жылдан бері "Барселона" намысын қорғап келеді. Ағымдағы Испания чемпионаты маусымында ол 9 матчқа қатысып, 7 гол (біреуі пенальтиден) соғуға қол жеткізді.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Код анық көрінбесе, оны жаңарту үшін суретті басыңыз
Жаңалықтар » Спорт » Левандовский мансабын аяқтауы мүмкін