date

"Челси" бір айға жартылай қорғаушысынан айырылды


Лондонның "Челси" клубының жартылай қорғаушысы Ромео Лавия жарақат алып, саптан шықты. Клубтың баспасөз қызметінің хабарлауынша, 21 жастағы футболшы кемінде бір айға дейін жасыл алаңға шыға алмайды.

Еске салсақ, Лавия жақында УЕФА Чемпиондар лигасының топтық кезеңі аясында Әзербайжанның "Қарабах" командасына қарсы өткен кездесуде (2:2) жарақат алған болатын. Ағымдағы маусымда Лавия Лондон командасының құрамында жеті ойынға қатысқан, алайда гол немесе нәтижелі паспен ерекшеленген жоқ.

Оның "Челси" клубымен қазіргі келісімшарты 2030 жылдың жазына дейін жарамды. Қазіргі уақытта "Челси" Англия Премьер-лигасының 11-турынан кейін 20 ұпай жинап, үшінші орынға ие болып тұр.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Код анық көрінбесе, оны жаңарту үшін суретті басыңыз
Жаңалықтар » Спорт » "Челси" бір айға жартылай қорғаушысынан айырылды