date

Ламин Ямал Испания құрамасынан шеттетілді

Ламин Ямал Испания құрамасынан шеттетілді

"Барселона" шабуылшысы Ламин Ямал 2026 жылғы Әлем чемпионатының іріктеу ойындары аясында Испания құрамасының тізімінен шығарылды. Бұл туралы ұлттық құраманың баспасөз қызметі хабарлады.

Ямал денсаулық жағдайына байланысты Испания құрамасына көмек көрсете алмайды. Футболшының шап аумағындағы жарақатқа байланысты ем-шара жүргізілген, бірақ бұл процесс құрама дәрігерлерімен келісілмеген түрде жүзеге асырылған.

Сондықтан Ямал құрамадан шеттетілді және оған 7-10 күн аралығында оңалу үшін уақыт қажет. Луис де ла Фуэнте командасы 15 қарашада Әлем чемпионаты-2026 іріктеуінің бесінші турында сырт алаңда Грузиямен кездеседі. 18 қарашада өз алаңында Түркияны қабылдайды.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Код анық көрінбесе, оны жаңарту үшін суретті басыңыз
Жаңалықтар » Спорт » Ламин Ямал Испания құрамасынан шеттетілді