date

Месси: Барселонаға қайта оралуды армандаймын


Жұлдызды футболшы Лионель Месси өз арманы жайлы айтты. Сегіз рет "Алтын доп" иегері Барселонаға қайта оралып, сонда өмір сүргісі келетінін мәлімдеді.

"Барселона жанкүйерлеріне не айта аламын? Мен қатты қайтып барғым келеді.

Біз Барселонаны өте сағындық. Балаларым мен жұбайым әрдайым осы қала туралы айтып отырады.

Біз тағы да сол жерде тұрғымыз келеді. Үйіміз бар, бәрі дайын – бұл біздің арманымыз.

Стадион дайын болғанда оны көргім келеді. Парижге кеткенімнен бері "Камп Ноу" стадионында болмадым, содан кейін команда "Монжуйкке" көшіп кетті.

Бұл ерекше сезімге толы болады, бірақ жаңа стадионды көргенімде өте әсерлі болады. Әрқашан сезінетін махаббат үшін алғыс айтамын.

Айтарым осы ғана – тек рақмет!", – деді Месси Испанияның Sport басылымына. Қазіргі уақытта Лионель Месси "Интер Майами" клубында ойнауда.

Жақында аргентиналық футболшы MLS клубымен келісімшартын 2028 жылдың соңына дейін ұзартты.
Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Код анық көрінбесе, оны жаңарту үшін суретті басыңыз
Жаңалықтар » Спорт » Месси: Барселонаға қайта оралуды армандаймын