date

Месси: Барселонадағы ең бақытты кездерім


Бұрынғы "Барселона" шабуылшысы Лионель Месси каталон клубындағы ең бақытты сәттері туралы айтты. "Ең бақытты сәттерім қайсы?

Мұны таңдау қиын. Мен "Барселонада" өте көп ғажайып сәттерді бастан өткердім.

Көп жағдайда бақыт туралы айтқанда, трофейлер мен жеңістер есімізге түседі. Хосеп Гвардиоламен бірінші "сексет" жеңісіміз ғажап болды.

Луис Энрикемен Чемпиондар лигасындағы соңғы жеңісіміз де солай еді. Бірақ, бақыт тек жеңістер ғана емес, менің "Барселонада" өткен барлық сәттерім.

Футболшы ретінде де, адам ретінде де." "Бақыт тек атақтар емес. Егер жеңістерді алып тастасақ, не қалады?

Ең бастысы, клубтың бір бөлшегі болу. Мен бұл жерге бала кезімде келдім және "Барселонада" бүкіл өмірімді өткіздім.

Құдайға шүкіршілік етемін, ол мені осы жерге әкелді. Балаларым осы жерде дүниеге келді.

Бұл қала – менің өмірім өткен жер. Мен клубты ғана емес, Барселона қаласын да жүрегімде сақтаймын," – деді Месси испан Sport басылымына.

Қазіргі уақытта Лионель Месси "Интер Майами" құрамында ойнап жүр.
Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Код анық көрінбесе, оны жаңарту үшін суретті басыңыз
Жаңалықтар » Спорт » Месси: Барселонадағы ең бақытты кездерім