
«Аталанта» клубының ресми сайтында жаңа бас бапкердің тағайындалғаны туралы ақпарат жарияланды. Күтілгендей, команданы 41 жастағы маман Раффаэле Палладино басқармақ.
Ол 2027 жылдың ортасына дейінгі еңбек келісімшартына қол қойды. Палладино жаз айларында «Фиорентина» командасынан кеткеннен бері жұмыссыз болған еді.
Енді ол «Аталантаның» нәтижелерін жақсарту үшін әрекет жасайды. Қазіргі уақытта «Аталанта» Италия чемпионаты турнир кестесінде тек 13-орында тұр.
«Сассуолоға» қарсы өз алаңында 0:3 есебімен жеңіліс тапқаннан кейін, Бергамо клубы Иван Юричпен серіктестігін тоқтату жөнінде шешім қабылдады.
Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз